Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің  Солтүстік Қазақстан облысының халқымен кездесуі

2022 жылғы 25-27 тамыз күндері Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барады.

Министр облыстың тұрғындарымен, кәсіпкерлермен кездеседі, сондай-ақ азаматтарды қабылдайды.

Сонымен қатар Министр брифингке қатысып,министрліктің қызметіне қатысты сұрақтарына жауап береді.

Азаматтардың сұрақтарын, сұраулары мен ұсыныстарын жинақтау Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсындағы «Сұрақ-жауап» айдары («Халықпен кездесу» санаты), dchs_sko@emer.kz, ps@emer.kz электрондық поштасы арқылы жүргізіледі. Сұрақтар 2022 жылғы 25 тамызға дейін қабалданады.

Тіркелу кезінде аты-жөнін, сауалын және байланыс дерегін (ұялы байланыс нөмірі) жазып қалдыру қажет, «2022 жылғы 26 тамызда халықпен кездесу» деп хаттың тақырыбын көрсеткен жөн.

Жеке қабылдауға жазылу үшін 8-7053156591 (WhatsApp) және 52-26-24 телефондары бойынша хабарласыңыздар.