Қызылорда өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер және әйелдер арасындағы жазғы чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

Қызылорда өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер және  әйелдер арасындағы жазғы чемпионаттың ашылу салтанаты өтті

2022 жылғы 3 тамызда жергілікті уақытпен 18:00-де Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионда өрт сөндіру құтқару спортынан ерлер арасындағы ХХVІІІ және  әйелдер арасындағы VІІІ жазғы чемпионатының ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов қатысып, салтанатты іс-шараны ашты. «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Дәурен Данаев, Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Руслан Қайрақбаев чемпионатқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жалпы чемпионатқа 18 ерлер командасы, 14 әйелдер командасы қатысуда. Бас төреші алқасы мен жаттықтырушыларды және команда өкілдерін қосқанда барлығы 364 адам атсалысуда. Спортшылардың саны 289, оның ішінде 184 ер адам, 105 әйел адам бақ сынауда. Ең жас чемипонаттың қатысушысы Батыс Қазақстан облысының спортшысы Юлаева Елена 2010 жылы туған. Ал, ең ересек қатысушысы Павлодар облысынант келген Долголевец Александр 1973 жылы туған.

Сол күні чемпионаттың алғашқы кезеңі де өткізілді. Әйелдер арасындағы 100 метрлік кедергіге жүгіруден жарыстың қорытындысы шықты.  Жалпы командалық есеп бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы 1 орын, Ақмола облысы 2 орын, Түркістан облысы 3 орынды иеленді. Жеке есеп бойынша 1 орынды Қостанай облысынан Бажева Айнұр, 2 орынды Түркістан облысынан Тұрсын Айдана, 3 орынды Алматы қаласынан  Дзолба Оксана иеленді. Республика бойынша рекордты 16,60 секундта Дзолба Оксана келіп, жаңартты.

Ерлер арасындағы 100 метрлік кедергіге жүгіруден Нұр-Сұлтан қаласынан  келген Подгородецкий Петр 1 орынды, Қарағанды облысының атынан қатысқан Текенов Бауыржан  2 орынды, Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғаушы Шәріпханов Ержан 3 орынның иегері атанды. Ерлер арасында үздік нәтиже көрсеткен Шәріпханов Ержан мәреге 15:50-де жетті.

Жазғы чемпионаттың 6 тамызға дейін өткізілетін болады.

 

 

Қызылорда облысы ТЖД