Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков Семей қаласына жұмыс сапары барысында жеке құрам мен аудандық бөлімше бастықтарына Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы бойынша тағайындалған Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлын, департамент бастығының орынбасары, полковник Штыкель Алексей Владимировичты, департамент бастығының орынбасары, подполковник Ахметов Сұлтан Мырзабекұлын және "Абай облысының ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі" РММ бастығы, азаматтық қорғау полковник Еркін Әбіқалықұлы Мамырбековты таныстырды.
Шапағатов Манарбек Қайыргелдіұлы 1975 жылы 3 ақпанда Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген.
1995 жылы ІІМ Алматы өрт-техникалық училищесін, 2005 жылы ТЖМ Көкшетау техникалық институтын бітірген. Білімі - өрт қауіпсіздігі инженері. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Қызметін Көкшетау облысы Щучинск ауданының Мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің инспекторы болып бастаған.
Қызмет еткен жылдары түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген. 2015 жылдан бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды.
Штыкель Алексей Владимирович бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Сұлтан Ахметов бұған дейін Қарағанды облысы ТЖД Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Еркін Мамырбеков бұған дейін Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі