Он жасар бала үш жасар баланы құтқарды

Он жасар бала үш жасар баланы құтқарды

2022 ж. 15 шілде күні сағат 10:36-да Алматы облысы ТЖД кезекші байланыс пультіне Алматы қаласы ТЖД Дағдарыс жағдайлар басқармасының кезекшісінен 2022 ж. 14 шілде күні Алматы облысы Қарасай ауданы Іргелі ауылында Көкдала көшесінде тұратын 2011 жылы туылған бала сағат 09:40 шамасында қазылған шұңқырдан (дәретхана) 2019 жылы туған көрші қызды алып шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Үш жасар қыздың анасынан қыз баланың дәретханаға құлап кеткенін білген соң, әкесі мен баласы көмекке асықты. Алдымен ер адам дәретхананың тесігіне түсетіні туралы шешім қабылдады, бірақ, өкінішке орай тесік тым кішкентай болғандықтан ол мүмкін болмады. Сол кезде он жасар       Әлихан сол дәретхананың кішкентай тесігіне өзі ғана сиятынын түсініп, қазылған шұңқырға түсуге өзі сұранды. Баланың әкесі ұлын арқанмен байлап, оны дәретхана тесігінен түсіріп, алдымен қызды, содан кейін ұлын тез шығарып алды.

Балалар улы газдармен тұншығып кетуі мүмкін болатын, бірақ баланың батыл және тез әрекеттерінің арқасында екеуі де медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Батыр бала қыздың өмірін сақтап қалғаны үшін ведомстволық марапатқа ұсынылды.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі