Қарағанды облысындағы өртті сөндіру үшін ҚР ТЖМ тікұшағы тартылды

Қарағанды облысындағы өртті сөндіру үшін ҚР ТЖМ тікұшағы тартылды

4 шілде сағат 12:02-де 112 пультіне Қарағанды қаласының Осевая көшесі жанында «Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығы» КММ аумағында шөптер мен ағаштардың жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрттің алдын ала аумағы 200 гектарды құрайды. Алайда қатты жел болғандықтан оны сөндіру қиындық тудыруда. Өртті жоюға ТЖ департаментінің, орман шаруашылығының, ҚР ТЖМ №52859 әскери бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың 200 адамы мен 40 бірлік техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлерінің күшімен саяжайлардағы тұрғындар эвакуацияланды.

Өртті сөндіру үшін Нұр-Сұлтан қаласынан су ағызу құрылғысы бар МИ-875 тікұшағы жіберілді.

Сондай-ақ сағат 13:22-де «Восток-3» шағын ауданындағы орман екпелерінің аумағында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына ТЖД мен №52859 әскери бөлімінің күштері жұмылдырылды. Жану алаңы шамамен 3 га құрайды. Өрт сағат 16: 02-де өрт ауыздықталды.

Қарағанды облысының ТЖД облыс тұрғындары мен қонақтарын өртке өте мұқият болуға шақырады: сөндірілмеген сіріңке, темекі, шыны сынықтарын және т.б. тастамаңыз, отты тек жабдықталған орындарда ғана жағуға болады. Сондай-ақ, отты сөндірмей кетпеңіз. Балалардың отпен ойнауына жол бермеңіз.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі