ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Деменьтева Азаматтық қорғау академиясының ұжымымен кездесті

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Деменьтева Азаматтық қорғау академиясының ұжымымен кездесті

2022 жылғы 4 шілдеде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің депутаты Наталья Дементьева Мәлік  Ғабдуллин  атындағы Азаматтық қорғау академиясында жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында Мәжіліс депутаты оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, Академия мұражайын аралады.

Сондай-ақ Академия бастығы полковник С.Д.Шәріпхановпен  және профессорлық-оқытушылық құраммен кездесіп, курсанттардың тұрмыстық жағдайы, оқу орнының жабдықталуы, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу мәселелерін талқылады.

«Комитеттің негізгі мақсаты – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қарулы күштер  мен құқық қорғау органдарының жұмысын реформалауды ұлттық құқықтық қамтамасыз ету мәселелерін егжей-тегжейлі саралау. Сондықтан біз әрқашан көмектесуге, әр қызметкерді тыңдап, мәселені шешуге дайынбыз», - деді Мәжіліс депутаты Наталья  Дементьева .

 ҚР ТЖМ Мәлік  Ғабдуллин атындағы

Азаматтық қорғау академиясының баспасөз қызметі