РЖҚЖ құтқарушылары жүзу бойынша халықаралық турнир қатысушысын құтқарды

РЖҚЖ құтқарушылары жүзу бойынша халықаралық турнир қатысушысын құтқарды

2022 жылғы 2-3 шілдеде РЖҚЖ құтқарушылары Конаев қаласының «Heaven Club» демалыс аймағында өткізілген іс-шарада қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Ұйымдастырушылар «Oceanman Kazakhstan Almaty-Konaev» атты ашық суда жүзуді ұйымдастырды. РЖҚЖ құтқарушыларының 8 адамнан тұратын екі тобы іс-шара кезінде суда қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Сондай-ақ, жүзуге қатысушылармен қауіпсіздік техникасы бойынша алдын ала әңгімелер мен консультациялар өткізілді.

3 шілде күні жүзу кезінде РЖҚЖ құтқарушылары барлық қатысушыларды мұқият бақылап отырған сәтте, қатысушылардың бірінің аяғы  құрысып қалғанын көріп қалды. РЖҚЖ құтқарушылары дереу қызметтік қайықпен қызға жақындап, оны судан эвакуациялап, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз жүзуді жалғастыра алмады, құтқарушылар оны жағаға алып келіп, ұйымдастырушыларға тапсырды.

РЖҚЖ құтқарушылары ескертеді: суда өз күштерін ұтымды қолдану керек! Ешқандай жағдайда өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламаңыз! Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмаңыз! Осы нөмірлерді есте сақтаңыздар: 372-15-60-ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел кезекші бөлімінің телефоны немесе 112.

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі