Алматы қаласында Дезинвентар Сендай жүйесі бойынша ұлттық оқыту тренингі өтуде

Алматы қаласында Дезинвентар Сендай жүйесі бойынша ұлттық оқыту тренингі өтуде

2022 жылғы 4-5 шілдеде Алматы қаласында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан қаза тапқан, зардап шеккен және залал шеккен Дезинвентар Сендай көрсеткіштерінің деректерін есепке алу жүйесімен жұмыс бойынша Ұлттық оқыту тренингі өткізілуде.

Дезинвентар Сендай жүйесі бойынша оқыту тренингіне Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы қатысуда, оның құрамына Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы Р. Н. Амрин, Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық-аналитикалық жұмысы департаменті директорының орынбасары А. С. Жолманов, СЖААЖД басқармасының басшысы А. Н. Ғайненова, ТЖААД бас маманы К. М. Тасыбаева және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астананың ТЖД ақпараттық-аналитикалық жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлері кіреді.

Тренингті ұйымдастырушылар-БҰҰ апаттар қаупін азайту басқармасы және CIMA зерттеу қоры.

Тренинг барысында қатысушылар тұрақты даму мақсаттары бағдарламасының, Сендай Негіздемелік бағдарламасының мониторингі жүйесінің және Сендай Дезинвентар жүйесінің міндеттері, сондай-ақ олардың функционалдық үйлесімділігі жөніндегі ақпараттың жаңартуларымен танысты.

Дезинвентар Сендай жүйесінде деректерді әкімшілендіру бойынша практикалық сабақтар өткізілді, қатысушылар деректер картасы, жүйені енгізу, редакциялау және талдау сияқты жүйенің құралдарымен танысты.

Төтенше жағдайлардың алдын алу департаменті