Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері еріктілер ұйымдарымен кездесу өткізді

Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері еріктілер ұйымдарымен кездесу өткізді

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Қостанай облысының волонтерлік ұйымдарымен «Азаматтық қорғау саласындағы Волонтерлік қызметті дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел «Облыстық жастар ресурстық орталығы», «ДОС»  іздестіру-құтқару жасағы, «Регион-10» іздестіру жасағы, «Барыс» ерікті іздестіру-құтқару жасағы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Іс-шара барысында құтқарушылар мен еріктілер азаматтық аймақтағы еріктілер қызметінің дамуын талқылап, пікір алмасты, проблемалық мәселелерді қарастырды.

Отырысқа қатысушылар еріктілерді іздестіру-құтқару іс-шараларына тарту, «судағы қауіпсіздік», «өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау» сияқты профилактикалық іс-шараларды өткізу, халықты тұрмыстық өрттен қорғауға бағытталған жеке тұрғын үй секторын бірлесіп аулаларды аралау тетігін пысықтады.

Кездесу аясында еріктілерге шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету тәсілдері көрсетілді. Сонымен қатар, қатысушылармен түрлі төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимыл алгоритмі қарастырылды, алғашқы өрт сөндіру құралдарының түрлері және оларды қолданудың дұрыстығы көрсетілді.

ТЖД ТЖ жою бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі А. Кущегулов бірінші жартыжылдықтағы еріктілермен бірлескен жұмыс қорытындыларын белгіледі. Департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасымен «еріктілер ұйымдарының (топтардың) басшылары мен үйлестірушілері» санаты бойынша 21 тыңдаушы оқытылды. Еріктілер 15 адамнан тұратын 1 тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға тартылды, 4 іздестіру-құтқару жұмыстарына, 83 профилактикалық рейдтік іс-шараларға қатысты, 2 845 дана үгіт материалдарын таратты. Тартылған еріктілердің жалпы саны 882 адамды құрады. Еріктілер ұйымдарымен бірлескен жұмыс барысында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы 3 меморандум жасалды.

Құтқарушылар мен еріктілердің күш-жігерін халық пен аумақтардың алдын алу және қорғау ісінде шоғырландыру төтенше жағдайларға тез және тиімді ден қоюға мүмкіндік береді.

 Қостанай облысының ТЖД Қоғаммен байланыс тобы