2022 жылғы 22-23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің делегациясы Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының құтқару ведомстволары біріккен ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Отырыс «Ұлттық қауіпсіздік. Беларусь-2022» халықаралық қауіпсіздік индустриясы көрмесі аясында Беларусь Республикасының Минск қаласында өтті.
Аталмыш шара Еуразиялық экономикалық одақ аясында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, халықты қорғау жүйесін дамыту үшін қосымша жағдайлар жасау болып табылатын интеграциялық процестерді одан әрі тереңдетуге кезекті қадам.
Азаматтық қорғау саласындағы тиімді әріптестіктің өзара маңызды іс-қимыл элементі болып табылады.
Бүгінгі таңда бірлескен ғылыми-техникалық кеңестің платформасы апат қаупін азайту шараларын іске асырудағы басым және жан-жақты тәсілдерді анықтаудың тиімді құралы.
Сонымен қатар, біріккен ғылыми-техникалық кеңес отырысының бағдарламасында «Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік-2022» халықаралық ғылыми- практикалық конференциясына қатысу көзделген.
ҚР ТЖМ Стратегиялық жоспарлау және
ақпараттық-аналитикалық жұмыс департаменті