Талдыкөл маңындағы өрт сөндірілді

Талдыкөл маңындағы өрт сөндірілді

20 маусым күні сағат 15-03-те "101" пультіне Есіл ауданының Қорғалжын тас жолының бойында қураған шөптің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

 Оқиға орнына келіп жеткен өрт сөндірушілер ашық аумақта қамыс пен қураған шөп жанып жатқанын анықтаған. Елордалық өртсөндірушілер қызыл жалынмен екі тәулік бойы арпалысты.

Өрт ошағына ТЖМ-нің МИ-8 тікұшағымен  27 рет су шашылды (81 тонна).

Кеше сағат 18-53-те өрт ауыздықталып, бүгін сағат 05-55-те толығымен жойылды.

Өрт шығуының ала себебі отты абайсыз қолдану болуы мүмкін (аз калориялы от көзі).

Өртті сөндіруге 86 қызметкер мен 14 техника жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі