Бүгін, 2022 жылғы 13 маусым күні сағат 18:20 шамасында Есіл ауданында Төле би көшесінде салынып жатқан "Sen" тұрғын үй кешені құрылыс объектісінде мұнара краны құлады. КБ-405 мұнара краны"НЕОТЕХ" ЖШС-не тиесілі. Дауылды ескертуге байланысты бүгін осы объектінің жұмысы тоқтатылып, құлаған кран қолданылмай, қаңтарылып тұрған. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәліметтер бойынша, кран қатты желдің салдарынан құлап кеткен
(желдің екпіні секундына 20-25 метрге жеткен). Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері жұмыс істеуде.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті