Азаматтық қорғау академиясы мен Қызыл Жарты Ай Қоғамы меморандумға қол қойды

Азаматтық қорғау академиясы мен Қызыл Жарты Ай Қоғамы меморандумға қол қойды

2022 жылғы 2 маусымда Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы, полковник Сырым Шәріпханов пен «Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалының басшысы Асхат Уайсов ынтымақтастық  жөнінде  меморандумға  қол  қойды.

Меморандум аясындағы серіктестік оқу және оқу-әдістемелік қызметті жетілдіруге жәрдемдесуге, сондай-ақ курсанттар мен профессорлық-оқытушылар құрамын адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларына оқыту бөлігінде тәжірибе алмасуды ұйымдастыруға бағытталған. Академия басшысы Сырым Дүйсенғазыұлы әріптестік орнатудың маңыздылығына тоқталып, бұл құжат халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға, соның ішінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындауды ұйымдастыруға негіз болатынын атап өтті.

Айта кетейік, Қызыл жарты ай қоғамы апаттар қаупін азайту және төтенше жағдайларды жою, халықтың денсаулығын сақтау, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, волонтерлік қызметті дамыту бойынша кең ауқымды бағдарламаларды жүзеге асырумен айналысады.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғау академиясының

баспасөз қызметі