«ERG SERVICE» ЖШС тексеру нәтижелері

«ERG SERVICE» ЖШС тексеру нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ерекше тәртіп бойынша тексерулер жүргізу кестесіне сәйкес «ERG SERVICE» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына тексеру жүргізді.

Кәсіпорын «Eurasian Resources Group» компаниясының құрамына кіреді. Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жүк көтергіш механизмдерді, металлургиялық кәсіпорындар үшін технологиялық жабдықтарды және электр станцияларының жабдықтарын жөндеу үшін қосалқы бөлшектерді дайындау болып табылады.

Тексеру барысында 28 объекті тексерілді (құю-механикалық цех, қосалқы цехтар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, химиялық зертхана және басқалар), өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының 12 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді және ҚР ӘҚБтК-нің 298-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жаза салынды.

Тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

                                      ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті