Қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет

Шымкент қаласындағы Оқушылар сарайынының негізінде «Қауіпсіздік әліппесі» үйірмесі ұйымдастырылып, қалалық оқушылардың қауіпсіздік мәдениеті артып келуде.

Алдағы жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін алдын ала қамтамасыз ету үшін осы үйірменің көшпелі сабақтары ұйымдастырылды.   

Кезекті қауіпсіздік сабағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектебінде өтті. Сабаққа мектептің 200-ге жуық оқушылары қатысты. ТЖ мамандары алдағы жазғы демалыс кезінде табиғат аясында сақтайтын қарапайым қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өтті. Сонымен бірге Апаттар медицинасы орталығы филиалының мамандары алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін іс-жүзінде түсіндіріп өтті. Оқушыларға «101», «112» телефон нөмірлері бойынша хабарласу тәртібі түсіндіріліп, өткен мереке күндері, яғни 10 мамырда түтінге тола жер төледе қалып қойған екі оқушы туралы оқиға баяндалды.   

Балалар қауіпсіз өмір сүрсін десек, баланың бар екенін ұмытып кететін әдеттен де арылуымыз керек. «Қауіпсіздік әліппесі» қаланың барлық мектептерінде өтеді.  

 

 

Шымкент қ.ТЖД ТЖ жою бөлімі