Қостанай облысында суға шомылатын орындар анықталды

Қостанай облысында суға шомылатын орындар анықталды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник А.Орымбаев мәлімдеді.

«Облыс аумағында адамдардың шомылуы мен демалуы үшін 23 ресми орын анықталды, - деп нақтылады А.Орымбаев. - Оның ішінде 7 коммуналдық және 16 жеке жағажай. Суға шомылуға рұқсат етілмеген, бірақ тұрғындар оны жиі жасайтын 228 су айдынында 540 тыйым салу белгілері орнатылған. Бұл күндері департамент сүңгуірлері коммуналдық жағажайлардың акваторияларын тексереді, су қоймаларының түбін қоқыстан, тесетін және кесетін заттардан тазартады, қоршаулар орнатады. Олар мұны өтінімдердің түсуіне қарай жасайды. 1 маусымға дейін бұл жұмыстарды аяқтау жоспарлануда».

Сондай-ақ, Қостанай облысында «2022 жылдың жазғы кезеңінде су айдындарында халықты дайындау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Шомылу маусымында ТЖ департаменті мобильді құтқару бекеттерін, құтқару бөлімшелерінің кезекшілігін ұйымдастырады. Табиғи жағажайларда және халықтың шомылуы үшін жабдықталмаған учаскелерде патрульдеу орындары анықталды.

Ыстық күндері құтқарушылар моторлы қайықтармен Қостанай және Тобыл қалаларының шекараларында Тобыл өзенін, Жітіқара қаласының шекарасында Шортанды өзенін, Арқалық қаласының маңында Ақжар су қоймасының бөгетін патрульдейтін болады. Бұдан басқа, Қаратомар су қоймасы акваториясының жағалау сызығын патрульдеу үшін қосымша бақылау бекеті орнатылады.

Бұл жұмысқа құтқару ведомствосының жеке құрамының 80-нен астам адамы тартылады. Техниканың барлығы дайын. Онда 18 жүзу, сүңгуір жабдықтары, 8 жоғары өтімді көлік бар. Сондай-ақ, полиция департаментінің, Ұлттық ұланның, көліктік бақылау инспекциясының, қалалық және аудандық әкімдіктердің күштері мен құралдары жұмылдырылады.

Өткен жылдардағыдай ТЖ департаментінің жедел-құтқару жасағы базасында қоғамдық құтқарушыларды оқытады. Оларға курстардан өткендігі туралы анықтама беріледі.

БАҚ, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша үгіт-насихат жұмыстары басталды. 180-нен астам материал жарияланды, судағы қауіпсіздік бойынша үш әлеуметтік ролик дайындалды.

Білім басқармасымен бірлесіп ТЖД қызметкерлері 20 мыңнан астам оқушыларға 288 дәріс және интерактивті сабақ өткізді. Жазғы демалыста балалармен жұмыс қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде, әлеуметтік желілер чаттарында жалғасады.

Шомылу маусымында су айдындарында төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі өз кеңестерімен журналистермен А.Орымбаев бөлісіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

 

 

Қостанай облысының ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы