Елордалық өрт сөндірушілер Жасыл аймақта шартты өртті сөндірді

Елордалық өрт сөндірушілер Жасыл аймақта шартты өртті сөндірді

20 мамырда елордалық ТЖ департаменті жасыл аймақ аумағында өртті тактикалық оқу-жаттығу өткізілді. Оқу жаттығу қала әкімінің орынбасары Н.Нуркенов, маслихат депутаты, «Жасыл аймақ» аумағының өкілдері, ТЖД басшылық құрамы мен жеке құрамның  қатысуымен өтті.

Оқу-жаттығу шарты бойынша құрғақ және ыстық ауа райының салдарынан елорданың барлық аумағында өрт қауіпті жағдай қалыптасады. Демалуға келген адамдардың сөндірмей қалдырып кеткен от ошақтарының салдарынан құрғақ шөптің жануы орын алып, өрт ары қарай орман белдеуіне тарай бастайды.

 Шақыру орнына қаланың шұғыл қызметтері, оның ішінде ТЖ және Полиция департаменттері, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, "Астана Орманы" ЖШС, "Жасыл-Аймақ" РММ, "Зеленстрой" АҚ, "Астана Су Арнасы" МКМ келіп, өртті жоюға кірісті. Қатты желдің салдарынан 3  өрт ошағы пайда болып, жақын маңдағы үйлерге таралу қаупі туындады, өрт аумағы 5000 шаршы метрге дейін тарады. Өрт орнына "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы келіп, тік өрт сөндіру жүйесінің көмегімен суды ағызып бере отырып, өртке барлау жүргізді. Жаттығуға барлығы 75 адам мен 22 бірлік техника және 1 әуе кемесі  жұмылдырылды. Өрт толығымен сөндірілді.

Жаттығудың басты мақсаты орман және орманды дала өрттерін сөндіру бойынша өрттер кезінде қаланың шұғыл қызметтері мен өрт сөндірушілердің өзара іс-қимылдарын пысықтау, өрт сөндірушілердің кәсіби дағдыларын және дайындығы арттыру болып табылады. 

Құрғақ шөптің жануы уақытында жойылмаса, үлкен шығынға әкеп соқтыруы мүмкін. Көп жағдайда өрт шыққан жерде  құрылыстар мен  тұрғын үйлер орналасқан мекендер зардап шегеді.  Бұл орайда табиғи өрттердің шығуына 72-ден 99%-ға дейін себепкер адами фактор болып  отыр.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!

Табиғат аясына шыққан кезде, сөндірілмеген темекі, сіріңкелерді лақтырмаңыздар, аң аулауға шыққанда бықситын материалдардан жасалған оқ тығынын пайдаланбаңыздар. Алауды тек топырақ қабатына дейін тазартылған алаңға жағыңыз. Дем алатын жерден кетерде отты сумен сөндіріңіз немесе ошақтың жануы толық тоқтағанға дейін топырақ лақтырыңыз. Шыны ыдысты және сынған шыныны қалдырмаңыз.

Басталған өртті сумен және ұзындығы 2 метрге дейінгі жапырақты ағаштардың бұтақтарымен сөндіріңіз немесе топырақ лақтыруыңызға болады.

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі