Павлодар облысының ТЖД «Жас құтқарушы-2022» облыстық сайысын өткізді

Павлодар облысының ТЖД «Жас құтқарушы-2022» облыстық сайысын өткізді

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті Павлодар облысы бойынша «Апаттар медицина орталығы» ММ филиалдарымен, «Қазақстанның Қызыл жарты айы» АҚ және Павлодар облысы бойынша білім басқармасымен бірлесіп «Жас құтқарушы» клубтары арасында облыстық жарыстар өткізді.

Жарыстың негізгі мақсаты-төтенше жағдайлар туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету дағдыларына үйрету және зардап шеккендерге дәрігерге дейінгі көмек көрсету, балалар мен жастар арасында салауатты және қауіпсіз өмір салтын насихаттау, жеке және ұжымдық қауіпсіздік мәселелеріне саналы және жауапты қатынасты қалыптастыру.

Жарыс төрағасы Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қайрат Шаймарденов жарысты ашып, қатысушыларға үлкен жетістіктер мен жеңістер тіледі.

Іс-шараға облыстың 12 мектебінің жас құтқарушылары қатысты. Жарыс 6 кезеңде өткізілді. Балаларға алғашқы көмек көрсету және зардап шеккендерді тасымалдауға дайындау, сондай-ақ өрт эстафетасынан өту бойынша қажетті іс-қимылдарды орындай отырып, ситуациялық міндеттерді шешу қажет болды.

Жарыс соңында қорытынды шығарылып, жеңімпаз командаларды марапаттау өткізілді.  Жалпы командалық есепте бірінші орынды Екібастұз қаласының командасы, екінші орынды Ақтоғай ауданының командасы, үшінші орынды Успен ауданының командасы иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Павлодар облысы ТЖД

ТЖ жою басқармасы