Заманауи және көпфункционалды ГАЖ технологияларын қолдану және төтенше жағдайларда картаға түсіру бойынша тренинг аяқталды

Заманауи және көпфункционалды ГАЖ технологияларын қолдану және төтенше жағдайларда картаға түсіру бойынша тренинг аяқталды

2022 жылғы 20 мамырда төтенше жағдайларда заманауи және көпфункционалды Геоақпараттық технологиялар мен карталау жүйелерін қолдану бойынша мастер-тренинг аяқталды. Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлері өздерінің күнделікті қызметінде қолданылатын қарқынды бағдарламадан өтті.

Бір апталық тренинг барысында британдық MapAction үкіметтік емес ұйымының мамандары QGIS бағдарламасын қолдану бойынша слайдтар мен бейнематериалдар ұсынды. Сондай-ақ су тасқыны және жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар мысалында практикалық сабақтар өткізілді. Білім алушылар үшін ТЖ орындарынан, автожолдардан, зақымдану аймақтарынан және т.б. қажетті деректердің, белгілердің, фотосуреттердің түсірілімі көрнекі түрде көрсетілді,

Білім алушылар QGIS бағдарламасының функционалы мен мүмкіндіктерін зерделеді. Тренинг қатысушылары ақпарат пен дағдылардан басқа бір-бірімен өздерінің кәсіби тәжірибелерімен алмасты.

Тренинг соңында оқытылған қызметкерлерге тренингтен өткені туралы сертификаттар берілді. Жаттықтырушылар Қазақстан Республикасы ТЖМ қызметкерлерінің жоғары дайындығын атап өтті.

 

 

ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайындағы басқару орталығы