Оқушыларға «Қауіпсіз жаз» күні өткізілді

Оқушыларға  «Қауіпсіз жаз» күні өткізілді

Балалар жылы аясында 2022 жылғы 18 мамырда Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінде білім бөлімінің оқушылары үшін «Қауіпсіз жаз» күні өткізілді.

Іс-шараның мақсаты балалар жарақатының алдын алу, облыс су айдындарында балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

 Құтқару станцияларында оқушыларға экскурсиялар, алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша мастер-кластар, суға батқандарға көмек көрсету кезіндегі іс-қимылдар ұйымдастырылды, сондай-ақ мектептерде су айдындарындағы қауіпсіз жүріс-тұрыс тақырыбына сурет салу конкурстары ұйымдастырылды.

 Жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов пен құтқарушы Виталий Хазов балаларға сүңгуірлер мен құтқарушылардың барлық құрал-жабдықтары мен киім-кешектерін көрсетті, жүзу құралдарының техникасымен таныстырды. Балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларының негізгі талаптарын еске салып, өткен жылғы судағы қайғылы оқиғалар туралы айтып берді.

 

Павлодар облысы ТЖД АҚБ