Аэрошолу зерттеуі туралы және биіктаулы бекеттердің ашылуы

 Аэрошолу зерттеуі туралы және биіктаулы бекеттердің ашылуы
2019 жылдың 14 маусымында «Қазселденқорғау» ММ-нің мамандарымен аэрошолу зерттеуі жүргізілді. Қаскелен өзені алабынан Түрген (қоса алғанда) өзен алабына дейінгі Іле Алатау жотасының өзен алаптары бойынша өзен аралықтарындағы сел ошақтары мен сел жырмалары, биік таулы мореналық көлдердің және кешенді морена-мұздықтардың жағдайына, сел-сырғыма қауіпті жерлер мен өзен арналарына зерттеу жүргізілді.
Аэрошолу зерттеуі «Қазәуеқұтқару» АҚ Ми-171 тікұшағымен теңіз деңгейінен 800 м-ден 4000 абс.м биіктік аралығында, күннің бірінші жартысында, 4 сағат 30 мин ұзақтықта орындалды.
35 Kazselezasita 2 Сондай-ақ биіктаулы 2 маусымды бекеттері ашылды. Олар: Сол жақ Талғар өзен алабындағы – «Большая Ключ» және Есік өзен алабында «Ақкөл көлі» гидробекеттері. Барлық бекеттер байланыс құралдарымен жабдықталды.
Сонымен қатар, Орта Талғар өзен алабындағы «Альплагерь» гидробекетінің радио байланысы қайта қалпына келтіріліп, күн электр станциясымен жабдықталды.
Зерттеу нәтижесінің корытындысы бойынша зерттеу актісі жасалуда.
35 Kazselezasita 3 35 Kazselezasita 3 35 Kazselezasita 3
35 Kazselezasita 3 35 Kazselezasita 3 35 Kazselezasita 3