Атырау облыстық ТЖД «Райхан» қонақ үйіндегі өртке» қатысты брифинг өтті

Атырау облыстық ТЖД «Райхан» қонақ үйіндегі өртке» қатысты брифинг өтті

Ағымдағы жылдың 17 маусым күні Атырау облыстық ТЖД-нің Дағдарыс орталығында 34 адам құтқарылып, олардың 32 БҚО Орал қаласынан футбол жарысына қатысуға келген балалар болған өртке байланысты републикалық және жергілікті БАҚ өкілідерінің қатысуымен брифинг өтті.
Брифинг спикері Атырау облыстық ТЖД-нің міндетін орындаушы азаматтық қорғау полковнигі Блялов Рашид Бекетович, басқарма орынбасары Ержанов Аскат Амангельдиевич және Атырау облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ міндетін орындаушы азаматтық қорғау подполковнигі Есполов Максут Еркебуланович болды. Сондай-ақ, оқиға орнына бірінші болып келгендер, №2 Атырау қ. өрт бөлігінің қарауылы да іс-шараға қатысты.
40 Atyrau briff Pozhar 2 Спикерлер өздерінің түсініктемелерінде, бұрын айтылғандай, ағымдағы жылдың 16 маусым күні жергілікті уақыттың 00 сағат 19 минутта «Атырау облыстық ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ күштері мен құралдарын жедел басқару орталығының пультіне, Әуезов 22 А көшесіндегі 3 қабатты «Райхан» қонақ үйінде түтін пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Гарнизон 2-ші шақыру дәрежесі бойынша көтерілді. 00 сағат 26 минутта оқиға орнына Қызметтің алғашқы жауынгерлік есептеулері келді.
Дереу оперативті штаб құрылып, ГТҚҚ екі буыны бірінші қабаттан төртінші қабатқа барлауға жіберілді, осы уақытта екі буынды жертөле қабатта орналасқан сауна мен кір жуатын орны бар өрт ошағын сөндірумен айналысты, қатты түтінмен байланысты Hyndai а/м базасында ГТҚҚ түтін сорғыш жұмыс істеді.
Өрт 01:30 (жергілікті) жойылды. 31 адам эвакуацияланып, оның 29 балалар, сондай-ақ 3 бала құтқарылды. Өрт болған орынға медициналық көмек көрсетілді.
Өртті сөндіруге 5 бірлік техникасы мен жеке құрамдағы 26 адамнан тұратын Атырау облыстық ТЖД-нің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Өрт салдарынан жертөле қабатында орналасқан 9 ш.м саунаның буландырғыш үй-жайы отқа оранды.
Қонақ үй жертөлесі бар 3 қабаттан құрады. Ғимарат 2005 жылы ракушеблоктан салынған. Қонақ үйдің жалпы ауданы 903 ш.м құрайды. Қонақ үй 16 нөмір, 32 орынмен қамтылған.
Рашид Бекетович өз сөзін қорытындылай келе, аталған нысан Қазақстан Республиасының ұлттық экономика Министрлігінің 2018 жылдың 30 қазанындағы №31 және Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің 2018 жылы 30 қазанындағы №758 бұйрығына сәйкес аса қауіпті емес нысан деп танылды және өрт қауіпсіздігін сақтау ережелері тексерілмейтінін тілге тиек етті.