
2022 жылғы 29 сәуірде сағат 03:28-де кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Май ауылында жеке тұрғын үйде өрт болып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша өрт кезінде үйде адамдар болған.
ТЖ орнына аудан орталығының № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру қарауылы шығып, дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Өртті сөндіру «Майское-Агро» шаруа қожалығының ерікті өртке қарсы құралымымен жүргізілді. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін тауып сыртқа шығарған.
Өртті жою барысында үш ер адамның жансыз денелері табылды: 1958 жылы туған үй иесі, және үй иесінің 1975 және 1967 жылдары туған қонақтары. Сонымен қатар өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шықты.
Өрт 05 сағат 00 минутта ауыздықталып, 05 сағат 40 минутта толық сөндірілді.
Өртті сөндіруге 4 бірлік техника мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамынан, ЕӨҚҚ мен жергілікті тұрғындардан 14 адам жұмылдырылды.
Өрттің салдарынан үй толығымен өртеніп кетті. Оның себебі мен материалдық залал көлемі анықталуда. Көршілердің айтуынша, қайтыс болғандар үнемі алкогольді ішумен әуестенген.
Ақжар ауданында ТЖ бөлімі және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылыту кезеңінің басынан бастап 3500 адамды қамтитын 992 тұрғын үйді аралап, 1 мың данадан астам дана үгіт материалдарын таратқан. Көрсетілген мекенжай бойынша тұрғын үй секторын аралау 2021 жылғы қыркүйекте жүргізілген.
Өрттер мен адамдардың өліміне жол бермеу мақсатында СҚО ТЖ департаменті Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді: отты абайлап пайдаланыңыз, пештер мен электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтаңыз. Естеріңізде болсын: оларды сақтамау қайғылы жағдайға әкеп соғуы мүмкін!
Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД
Қоғаммен байланыс тобы