Оның тағдырыңдағы Чернобыль

Оның тағдырыңдағы Чернобыль

1986 жылғы 26 сәуірде  Чернобольдың  АЭС-нда  авария болды. Бұл  ірі техногендік авария адамзат тарихында  ауқымды  қайғы  болды.  Егерде қысқа уақытта апатты ауыздықтай алмағанда, көптеген адамдардың батырлық әрекеті болмаған тжағдайда,  Чернобыльдің зардабы Беларусь, Украина, Ресей және Европа халықтарына қатты тиер еді. Саркофак құрылысы, станцияны дезактивизациялау көбінесе сол кездегі  Кеңес әскерінің мойнында болды. Жеке өміріне қатер төнгенін қарамастан, ондаған мың адам алқынған апатты басуға және оның зардабын азайтуға тырысты. Олардың арасында Павлодар өңірінен  мыңнан аса адам болды. Чернобыльдіктер біздің бейбіт күніміздің батырлары. Олар әскери бөлімшенің қойған міндеттерін адал орындады.

Осы жылдары мыңдаған адамдардың ішінде С.П. Косолапов та болды. Чернобыль АЭС авария кезінде Сергей Павлович Павлодар облысы Азаматтық қорғаныс штабында радиацияға қарсы және химияға қарсы қорғау бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Авария туралы радио арқылы жаңалықтардан естіп, Қазақстан Республикасы АҚ штабы кадрлар бөлімінің бастығына қоңырау шалып оны Чернобыльға жіберуді өтінген. Осындай қауіпті жерге баруға неге бел буғаны туралы сұрақты Сергей Павлович түсінбейді және де осы сұраққа жауап қажет емес екеніне күмәнданбайды да. Сергей Павлович – білікті және химиялық қорғаудың тәжірибелі маманы – оның білімі мен тәжірибесі қажетті жерге баруға міндетті болды, ол елі мен бейбіт халықтың алдында өз борышын орындады. Анықтама үшін: 1984 жылы С.П. Косолапов Мәскеу қаласында Химиялық қорғаудың әскери академиясын аяқтады. Оқуды табысты аяқтағаннан кейін аға лейтенант С. Косолапов Павлодар облысы Азаматтық қорғаныс штабына жіберілді. АҚ және ҚСРО штабы жедел тобының офицерлері мен прапорщиктерінің сәулелену мөлшерін есептеу  және авариялардың салдарын жоюға қатысқан бөлімдер мен бөлімшелердегі сәулелердірудің мөлшерін есепке алуды бақылау  - негізгі міндеттерінің бірі болғанын әңгімелейді Сергей Павлович. Екі айдан кейін Павлодар қаласына келіп ТЖ және АҚ облыстық курстары бастығының орынбасары болып тағайындалды, біраз уақыттан кейін осы курстардың бастығы болды. Павлодар облысынан аварияларды жоюдың бұрынғы қатысушылары «Чернобыль Одағы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелері, олардың аналогтары Қазақстанның барлық өңірлерінде қызмет етеді. Олардың бастамасымен 2009 жылы «Чернобыль менің тағдырымда» еске алу кітабы басылып шықты, оның бір бөлімі Сергей Павлович Косолаповқа арналған.

1994 жылы С.П. Косолапов қарулы күштерінің қатарынан босатылды, бірақ мамандығын қалдырған жоқ – Павлодар өңірінің алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірінде ТЖ және АҚ бөлімінің инженері болды. Кәсіпқой өзінің қабілеттіліктерін өндірісте де көрсете білді және  де біраз уақыттан соң «Павлодарэнерго» АҚ басқару төрағасының  АҚ және ТЖ жөніндегі көмекшісі – басшы лауазымына тағайындалды.         

Осы кәсіпорында Сергей Павлович 14 жыл қызмет етті. Чернобыль зардабы оның денсаулығына сыз берді. Сергей Павлович бірнеше жыл бойы ауру салдарынан төсек тартып жатыр, бірақ әріптестері ардагерге көмек көрсетіп, оны ұмытпайды. Жыл сайын осы күні және басқа да мерекелерде ардагердің үйінде қауышамыз.

 

Павлодар облысы ТЖД Ардагерлер кеңесі