Павлодар облысы ТЖ департаментінде жаңа орынбасар тағайындалды

Павлодар облысы ТЖ департаментінде жаңа орынбасар тағайындалды

2022 жылғы 19 сәуірде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жасұлан Жұмашев жеке құрамға Департамент бастығының жаңа орынбасары полковник Олег Юрьевич Трешевті таныстырды.

Олег Трещев бұған дейін Қарағанды облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Олег Трещев 1970 жылы 31 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2001 жылы Ресей ТЖМ азаматтық қорғау академиясын аяқтады.

1993 жылдан 1995 жылға дейін 68 мотоатқыштар дивизиясының 1637 жеке пулемет-артиллериялық батальонының взвод командирі және миномет батареясының командирі болды. Екі жыл ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің екінші құтқару ротасының командирі болды. 2021 жылдан 2011 жылға дейін ҚР ТЖМ 52859 әскери бөлімінің штаб бастығы және командирдің орынбасары лауазымдарын атқарды. 2014 жылдан 2015 жылға дейін ҚР Ұлттық ұланы жауынгерлік даярлық бас басқармасының оқу және ғылыми жұмыс бөлімінің бастығы және «Орталық» штабы бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2021 жылдан бастап Қарағанды облысы ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы болып қызмет етті.

Павлодар облысы ТЖД