
Төтенше жағдайлар департаменті табиғат құбылыстарының қауіп-қатерінің сипаты мен ауқымына байланысты «ауланы аралау» сияқты ең қарапайымнан бастап дауыс зорайтқыш байланыстың қазіргі заманғы жүйелеріне дейін халықты хабардар етудің түрлі нысандары мен тәсілдерін қолданады.
ТЖ туындау қаупі туралы болжам болған кезде тұрғындарды хабардар етудің ең тиімді әдісі ұялы байланыс операторларына СМС-хабарламалар жіберу болып табылады. Мысалы, қауіпті ауа райы құбылыстары туралы дауылды ескертулер жарияланған кезде хабарлама алған абоненттер саны 3 млн. астам абоненттен асады (қалаға кіретіндерді және кететіндерді ескере отырып). Сонымен қатар, абоненттік база бойынша көп мөлшерде sms жіберу бірнеше блоктарға бөлініп, бір сағаттан астам уақытты алатын техникалық шектеулер бар.
Осыған байланысты, осы бағыт бойынша жедел өзара іс-қимыл жасау үшін Алматы қаласы ТЖ департаменті «Қазгидромет» РМК-мен, Кселл, Теле-2 және Билайн ұялы байланыс операторларының, «Дәрмен» мобильді қосымшасы мен «Citix»компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында қала тұрғындарын ақпараттандыру мәселесіне байланысты бірқатар оң шешімдер қабылданды, Департамент 2021 жылдан бастап белсенді ынтымақтасып келе жатқан «Citix» компаниясы негізгі магистральдарда және қаланың жанданған жерлерінде орналасқан мегаполистің медиобордтарында іске қосылатын ақпараттық хабарламалар мен профилактикалық бейнероликтер санын кеңейтуге жәрдемдесуге дайын.
Естеріңізге сала кетейік, көшкін қаупі туралы қала тұрғындарын хабардар ету sms - хабарламалар, БАҚ арқылы, сондай-ақ магистральдық жолдар бойында орналасқан қаланың 70 ірі медиабордымен біріктірілген «Дәрмен» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Тәжірибе көрсеткендей, медиабордтарды қолдану халықты хабардар етуде оң әсер етеді, өйткені бұл адамның қажетті ақпаратты қабылдауына айқын әсер етеді.
Алматы қ.ТЖД баспасөз қызметі