Елдегі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Елдегі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері 5 елді мекенде 80 тұрғын үй мен 2 әлеуметтік нысан еріген қар салдарынан су астында қалды. Сонымен қатар су басқан Павлодар және Ақтөбе облыстарындағы 43 үйден су сорылды.

Сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тұрғын үйлерді су басу дерегі тіркелген жоқ. Республикалық маңызы бар 1 автожолда су жайылу жағдайы тіркелді.

Су басқан 37 үй бақылауға алынды, 19 автожол учаскесінде су тасқыны бар, оның ішінде республикалық маңызы бар – 2, облыстық - 1, жергілікті – 16, оның ішінде автожолдардың 14 учаскесі шайылып кеткен.

Өңірлерде су тасқынынан туындаған ТЖ төмендету мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ күші 609 мың м3 еріген суды сору бойынша жұмыстар жүргізілді. Инертті материалдары бар 11 290 қап төселді.

Жұмыстарға 670 адам, 300 бірлік техника, 89 су айдау құралдары және 5 жүзу құралдары жұмылдырылды. Оның ішінде ҚР ТЖМ 264 жеке құрамы, 66 бірлік техника, 47 қозғалтқыш және 4 жүзу құралы.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы тәуліктерде Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО және Нұр-сұлтан қалаларында жаңбыр мен қар түрінде аздаған жауын-шашын күтіледі, күндізгі уақытта ауа температурасы +5-тен +20 ға дейін, түнгі уақытта-3-тен + 9-ға дейін сақташмақ.

Сондай – ақ ғарыштық мониторингтің нәтижесі бойынша қар жабындысы 40% - дан аз, қар жабынының басым бөлігі елдің орталық және солтүстік өңірлерінде байқалады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі