Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы өңірлердегі су тасқыны кезеңінің өтуі, сондай-ақ ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты

Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы өңірлердегі су тасқыны кезеңінің өтуі, сондай-ақ ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы айтты

2022 жылғы 31 наурызда Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің брифингі өтті. Брифинг тақырыбы «Өңірлерде су тасқыны кезеңінің өтуі, сондай-ақ ауа райының нашарлауына байланысты қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат».

Министр атап өткендей су тасқыны кезеңі ерекше бақылауда. Өңірлерде елді мекендерді су басу қаупін азайту бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.

Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері жергілікті атқарушы органдардың және ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күшімен 9 өңірдегі 49 елді мекеннің көшелері мен аула маңындағы аумақтардан 234 мың текше метрден астам еріген қар суы сорылды. Елді мекендерден 10 млн. текше метрден астам қар шығарылды. 4 мың шақырым канал мен 7 мың шақырымға жуық арық, 20 мыңнан астам автомобиль және 3 мың темір жол су өткізу құрылыстары тазартылды. 200 мың тоннадан астам инертті материалдар мен 900 мың қаптар дайындалды.

Министрлік және ТЖ департаменттері су тасқыны жағдайының дамуына айтарлықтай әсер ететін 60 су қоймасына мониторинг жүргізуде. Бүгінгі таңда су қоймалары, орталық ал солтүстік облыстар 60-70% - дан астамға толған.

2022 жылғы 3-29 наурыз аралығында өзендердің 57 учаскесінде жарылыс жұмыстары жүргізілді. ТЖ департаменттері 2000-ға жуық елді мекенді тексерді, оның ішінде 197 ауылдық округ әкімдеріне су тасқынына дайын еместігі туралы ескертулер берілді.

Эвакуацияланатын халықты және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелерін қабылдаудың 2 502 пункті дайындалып, маршруттар жаңартылып, көліктер анықталды.

Жалпы су тасқынына қарсы іс-шаралар кешенін іске асыру барысында 340 елді мекеннен су басу қаупі алынып тасталды.  385 елді мекенде қауіп төну азайтылды.  Бүгінгі күні су тасқыны қаупі бар 1 010 елді мекеннің 285-і үшін ықтимал қауіп сақталуда.

Сондай-ақ брифинг барысында тікелей эфирде Ақмола, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарының басшылары қатысты. Онда өңір тұрғындары мен аумақтарын су тасқыны қаупінен қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.

Ағымдағы жылдың 29-30 наурыз аралығында республиканың 7 облысы мен 2 қаласының аумағында ауа райының нашарлауына байланысты екпінді желдің салдарынан әртүрлі мақсаттағы объектілерде шатыр жабынының 297 бұзылуы тіркелді. Бұл ретте 8 адам зардап шекті, оның ішінде 3 бала.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 82 СМС-хабарлама жіберілді және «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 70 хабарлама жіберілді.

Сонымен қатар 29-30 наурыз аралығында құтқару бөлімшелері 1453 адамды, оның ішінде 199 баланы құтқарып, эвакуациялады.

Авариялық-құтқару жұмыстарына барлығы 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде ТЖМ жеке құрамнан 157 адам және 60 бірлік техника. Жедел желі жұмысы ұйымдастырылып, жалғасуда, барлығы 223 қоңырау келіп түсті, «101» және «112 пульттеріне көмек көрсету және ақпараттық сипаттағы 7 мыңға жуық хабарлама келіп түсті.

Өз сөзінің соңында Юрий Ильин азаматтарға қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы айтты. ТЖ болған жағдайда 112 телефоны бойынша хабарласуға болады. Сондай-ақ ауа-райының өзгеруін қадағалаңыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын елемеңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі