ТЖМ жедел штабы: бір тәулік ішінде 814 адам құтқарылды

ТЖМ жедел штабы: бір тәулік ішінде  814 адам құтқарылды

ТЖ министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда жедел желі телефоны жұмыс жасайды.   

ҚР бірқатар өңірлерінде қатты желдің салдарынан 4 қалада (Атырау, Талдықорған, Текелі, Павлодар қалаларында) 70 133 абонент және 6 облыста (Алматы, Атырау, Ақмола, Қарағанды, СҚО және Павлодар облыстары) 194 елді мекен электр қуатынсыз қалды.

Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 814 адамды, оның ішінде 101 бала және 3 жүкті әйел құтқарылды және эвакуацияланды. Авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ,ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды.

Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.

Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін уақытша жылытудың 40 пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 74 СМС-хабарлама жіберілді және «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 56 хабарлама жолданды, 15 телерадиоэфирмен қармау жүргізілді.

Қазіргі уақытта автожолдардың 86 учаскесі жабылды, оның ішінде 33 республикалық және 53 облыстық маңызы бар. Бұл ретте автокөліктердің жиналуы Қарағанды (593 бірлік техника), Ақмола (546), Қостанай (53) обл.және Нұр-сұлтан Қ. (60) блокпосттарында байқалады.

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты дауылды желдің салдарынан шатырлардың бұзылуы мен ағаштардың құлауы, сондай-ақ электр энергиясының ішінара ажыратылуы орын алды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.

ҚР ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады! ТЖ болған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыз.

Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Елді мекендер арасындағы  тас жолдарына шығуды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеу қажет. Ағаштардан, тұрақсыз және сынғыш құрылымдардан аулақ болыңыз.

 

 

  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі