Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру шарасына қатысты ақпарат

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру шарасына қатысты ақпарат

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні шеңберінде 2022 жылдың 1 наурыз күні сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін Қазақстан Республикасы бойынша азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру шарасы жоспарланған.

Осыған орай барша Қазақстан Республикасының азаматтарына айтарымыз, құлақтандыру жүйесін тексеру соңғы уақытта әлемде болып жатқан геосаяси жағдайларға қатысы жоқ. Бұл табиғи және техногенді төтенше жағдайлар бола қалса, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын өткізілетін шара. Дыбыстық сигналды естісеңіз, үрейге бой алдырудың қажеті жоқ. 

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты туындаған жағдайда, одан әрі қандай әрекет ету керектігі туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.

Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі