Түркістан облысында қар құрсауынан 26 адам құтқарылды

Түркістан облысында қар құрсауынан 26 адам құтқарылды

2022 жылдың 20 қаңтарында «112» қызметіне Созақ ауданы Шолаққорған ауылынан 70 шақырым жерде "Ұланбел-Созақ-екпінді" облыстық маңызы бар автожолының жабық учаскесінің 577-642 шақырымында жолаушылары бар 13 жүк және 9 жеңіл автомобиль қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті.

ТЖ орнына келген құтқарушылар мен полиция қызметкерлері 13 жүк және 9 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды. Көліктегі 26 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып, Шолаққорған ауылына жеткізді. Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж емес.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 10 қызметкер мен 1 бірлік техника, Түркістан облысы полиция департаментінен 8 қызметкер мен 2 бірлік техникас жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, сағат 00-20 - 04-30 аралығында Созақ ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты 577 км-642 шақырым ШҚ-2 "Ұланбел-Созақ-екпінді"облыстық маңызы бар автожолы жабылған болатын.

Түркістан облысының ТЖД азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға кеңес береді. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріп, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

 

Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметі