2021 жылғы 10 желтоқсанда еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облысы ТЖД Өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін 35 бірлік жаңа арнайы техниканы табыс ету рәсімі өтті.
Іс-шараға Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин, Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен қызметкерлері және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Иелікке берілген жаңа автомобильдердің ішінде әртүрлі деңгейдегі өртті сөндіруге арналған 22 КамАЗ маркалы өрт сөндіру автоцистернасы, құтқару жұмыстарын жүргізуге, өрт немесе апат орындарын жарықтандыруға, үйінділерді бөлшектеуге, краноманипуляторлық қондырғының көмегімен жүктерді көтеруге, суды сорып алуға арналған 1 АСА-20 маркалы автомобиль (авариялық-құтқару автомобилі) бар.
Биік ғимараттардағы өрттерді сөндіру үшін биіктігі 63 метрді құрайтын 1 АКП-63 автомобилі, жедел топтың кезекші тобын оқиға орнына жеткізуге арналған 4 JAC автомобилі, өтімділігі жоғары 2 Урал-4320 маркалы вахталық автомобиль, сондай-ақ 4 бірлік жол талғамайтын көлік ТРЭКОЛ (вездеход-болотоход) және Урал а/м базасындағы 1 кран сатып алынды.
Бұл техникалар «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен алынып отыр.
2021 жылғы 11 айда облыс құтқарушылары төтенше жағдайларға 3500-ден рет шығып, онда 451 адамды құтқарды, 1000-нан астамды адам қауіпсіз жерге көшірді, 200-ден астам адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі