Маңызды профилактикалық іс-шаралар өткізілді

 Маңызды профилактикалық іс-шаралар өткізілді
Абай ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша Шымкент қаласының автокөлік жанар-жағар май құю стансаларында профилактикалық іс-шаралардың жоспарлы кешенін өткізді.
Іс-шара барысында автоматты өрт сөндіру сигнализациясы жүйесінің ақаусыздығына, өрт туралы адамдарды құлақтандыруға, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жеткілікті санының болуына, күндізгі және түнгі уақытта өрт шыққан жағдайда қызмет көрсетуші персоналдың іс-қимыл тәртібі туралы нұсқаулықтың, телефон байланысына, өрт шыққан жағдайда және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану кезінде қызмет көрсетуші персоналдың өз міндеттерін білу деңгейіне ерекше назар аударылды.
31 4imkent 4S 2 "СинОйл" ЖҚС үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде бөлімнің бас маманы А.Тұранов және аға инженері Д. Шынарбай автокөліктерге май құю және автоцистернадан жанармай құю кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы айтып берді.
Зардап шеккенге алғашқы медициналық көмек көрсетудің практикалық көрсетілімін өткізу ұйымдастырылды, объектінің қызмет көрсетуші персоналымен өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі, алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы әңгіме жүргізілді.
Аталған іс-шараға 380 адам қатысты.