2019 жылығы 18 маусымында Қостанай қаласында облыстық жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында жарыстар өтті. Жарыс мамандырылған Қостанай қаласы №2 өрт сөндіру бөлімі мен қалалық орталық жағажайда барлығы 4 команданың қатысуымен өтті. Жарыс барысында өрт сөндіру-құтқару спортының 7 түрінен тұратын спорттық жарыстар өткізілді, атап айтқанда: "Өрт эстафетасы", "Визит карточкасы", "Стенгазета", "Алғашқы медициналық көмек көрсету", " Авариялық-құтқару жұмыстары”, "Іздестіру-құтқару жұмыстары", "Су айдынындағы құтқару жұмыстары".
№2 МӨСБ базасында көшбасшылық үшін табанды күрес басталды. Жас болашақ құтқарушылар техногендік авария аумағында өрт жағдайында авариялық-құтқару жұмыстарында өздерін көрсете білді, өрт эстафетасына қатысып, отпен сумен күресті , қол жетімділігі қиын үй-жайларда зардап шеккендерді іздеді. Жарыс қорытындысы бойынша «Тайфун» әскери- патриотты клубы Қостанай қ. ТЖБ командасы жеңіске жетті, ал екінші орынды Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен келген команда иеленді, құрметті үшінші орынға Рудный қ. ТЖБ командасы лайықтанды. Спорттық жарыстың жеңімпаздары "Халық банкі" АҚ өкілдерінен ұсынған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, жеңімпаздар Көкшетау қаласының базасында орналасқан ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтында өтетін республикалық жарысқа қатысады.