Балалардың өмірін және денсаулығын бірге сақтайық!

 Балалардың өмірін және денсаулығын бірге сақтайық!
Есте сақтаңыздар! судағы қайғылы оқиғалардың негізгі себебі - ол азаматтардың қарапайым судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулері болып табылады.
ТЖ департаметімен атқарылып жатқан шараларға қарамастан облыстың су айдындарында жылда 30 аса адам зардап шегуде, оның ішінде 25 жуық адам өлімі орын алып, суға кеткен адамдардың 100% шомылуға тиым салынған, шомылу құралдарымен жабдықталмаған және жедел–құтқару жасағының құтқарушылары жоқ жерлерде болып отыр.
Облыстың су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың негізгі және басты себептері азаматтардың шомылуға арналмаған орындарда және мас күйде шомылуынан, ең бастысы ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыру себебінен осындай қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуда.
Осыған орай, Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының облыстың су айдындарында адам өлімін болдырмау мақсатында белсенді профилактикалық және үгіт-насихат жұмыстар жүргізуде.
Ағымдағы жылғы екінші тоқсанда облыстық, қалалық және аудандық ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырыстары өтіп, «2019 жылғы жазғы шомылу маусымы кезінде облыс аумағындағы су айдындарында қауіпсіздікті сақтау» туралы сұрақ қаралып, онда жазғы шомылу маусымы кезінде қайғылы оқиғаларды болдырмауға барлық тиісті мекеме және ұйымдар басшыларына қажетті тапсырмалар берілді. Аталған сұрақ Жамбыл облысының әкімінің бақылауында.
Бүгінгі күнге облыс аумағында су айдындарында 8 оқиға орын алып, онда өкінішке орай қаза болғандардын ішінде көбісі 2 жастан 12 жасқа дейінгі балалар ересек адамдардың қарауынсыз қалған.
Судағы негізгі ережелерін есте сақтаңыздар:
- тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
- жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
- шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
- жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
- бөгеттен, қайықтан немесе кеме тоқтайтын жерлерден суға секірмеңіздер;
- қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
- суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
- түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
- су айдындарының жағалауында балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар оларды бақылаңыздар.
- суда қауіпті жағдай жасамаңыздар.
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер, мектеп жанындағы және қала сыртындағы балалар сауықтыру лагерлерінің, демалу орталықтарының және бассейн басшылары! Балаларды үлкендердің бақылауынсыз қалдырмаңыздар, балаларды бақылаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен учаскелерде шомылуға рұқсат етіңіздер.
Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады, үйткені оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге қиындық туғызады.
Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда Сізге және Сіздің жақындарыңызға су жағасындағы демалыс пайдалы және жағымды болады.
Естеріңізде болсын! Егер Сіз қауіпті жағдайдың куәгері болсаңыз, «112» Құтқару қызметінің біріңғай ақысыз телефон нөмірін теріп алыңыздар.