19 маусым күні Батыс Қазақстан облысы ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы бастығы орынбасары азаматтық қорғау майоры М.Отаров жергілікті ТДК-42 телеарнасының тікелей эфирде жүргізілетін «Шындықпен бетпе-бет» бағдарламасына қатынасты.
Марс Тасқалиұлы алдымен ағымдағы жылғы облыс аумағындағы табиғи өрт пен судағы адам қазасы бойынша ахуалды баяндап, өткен жылдармен салыстырмалы талдауына тоқталды.
Төтенше жағдайлар департаменті мамандарымен отпен, судан төтенше жағдайлардың алдын алуға байланысты жүргізіліп жатырған іс-шаралар барысына да тоқталып кетті.
Суда балалар өлімінің жиі тіркелуіне байланысты ата-аналарға жазғы демалыс барысында балаларына мұқият болуларын баяндап және судағы қауіпсіздік ережелерін, яғни:
- қоршау белгісінен әрі жүзуге;
- тыйым салынған орындарда суға түсуге;
- балаларды қараусыз қалдыруға;
- суда түсерде камераны, допты, тақтайшаны қолдануға;
- суда ойнауға;
- жалған дабыл беруге;
- өтіп бара жатырған катерге, қайыққа жақын жүзуге;
- көпірден, айлақтан, қайықтан, катерден суға секіруге;
- тамақ ішкен бойда суға түсуге;
- суға мас күйде түсуге;
- таныс емес жерге сүңгуге тыйым салынатындығы туралы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды.
Табиғи өртті ауыздықтау бойынша тұрғындарға, әсіресе саяжай алқабындағы азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. Саяжай аймағын қоқтықтан, қураған ағаштан тазартуды, от жаққан кезде құрылыстан кемінде 10м алшақ жағуға, алдын ала өрт сөндіру құралын немесе су әзірлеп қою қажеттігін, жел күндері от жақпауларын ескертті.
Тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап беріп, «Отпен, судың – тілісіз жау» екендігін ескерте отырып қортындылады.