Қарағанды облысы ТЖ департаментінде шахтада болған оқиғаға (метан газының кенеттен шығуы) байланысты жедел желі іске қосылды: 8 (7212) 51-11-10, горячая линия - 8 (7212) 51-72-23. Шахтада барлығы 64 жұмысшы болды. 56 адам бірден өзін-өзі эвакуациялады.
Оқиға орнында қалған 8 қызметкердің 6-ауы қайтыс болды, 2-еуі жарақат алды.
Қайтыс болған жұмысшылардың тізімі:
Жарақат алған жұмысшылардың тізімі:
Жарақат алған екі жұмысшы Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы жалпы медициналық орталыққа жеткізілді (жағдайлары ауыр).
Сағат 12.37-де ТЖ-ны жоюға жұмылдырылған "КӘАҚҚ республикалық орталық штабы" ЖШС ҚФ (15 қызметкер), ТЖД (3 қызметкер және 2 бірлік техника), Апаттар медицинасы орталығы филиалының (3 қызметкер және 1 бірлік техника) күштері мен құралдары қайтыс болғандарды шахтадан шығарып алды.
Қазақстанның ТЖМ кәсіпорындарды жұмысты қауіпсіз жүргізу қағидаларын сақтауға шақырады.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі