Жамбыл облысында мұнай резервуарлары жанды

Жамбыл облысында мұнай резервуарлары жанды

Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Аса ауылындағы "Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС Тараз филиалының аумағында жалпы көлемі 480 текше метр дизель отыны бар екі резервуар өртенді.

Бұл туралы хабарлама Жамбыл облысы ТЖД кезекші қызметіне  12 сағат  4 минутта түсті.

Өрт орнына Жамбыл облысы ТЖД бастығы мен жедел тобы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жедел тобы шықты.

Өртті сөндіруге барлығы 75 қызметкер мен 21 бірлік техника жұмылдырылды Сонымен қатар оқиға орнында құрамында 7 адам және 2 бірлік техникасы бар объектінің мемлекеттік емес өртке қарсы қызметі жұмыс істеуде.

Өрт 13 сағат 5 минутта ауыздықталып, 13 сағат 17 минутта сөндірілді.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өрттің алдын ала себеп-мұнай өнімдерін (дизель отыны) айдау кезінде технологиялық процестің бұзылуы.

Жамбыл облысы ТЖ департаменті еске салады! Барлық қауіпсіздік ережелерін сақтау төтенше жағдайлардың алдын алады және қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді!

 

 

         Жамбыл облысы ТЖД баспасөз  қызметі