РЖҚЖ тауда адасып кеткен туристерді іздеп тапты

РЖҚЖ тауда адасып кеткен туристерді іздеп тапты
Тауда адамдар жоғалды деген көмекке шақырған өтініш, жедел кезекшінің пультіне келіп түсті. Үш баласымен анасы «Үлкен Алматы» шатқалына тауға шығып, жылғамен бойлап тауға кеткен, біраз уақыттан кейін туристер жолдан адасып кеткендерін анықтады.
РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы іздестіру-құтқару жұмыстарына тез арада шықты. Тауда, жоғалған болжамды бағыт бойынша, жаяу жүру туралы шешім қабылданды. Зардап шеккендермен байланыстың арқасында құтқарушылар оларды тез тапты. Бірақ қиыршық тастан тұратын шағын жартасты аумақтан төмен түсіру керек болды. Дайындалмаған адам үшін табан қатты сырғитындықтан, ұсақ қиыршық таспен түсуі қиын және қауіпті.
Құтқарушылар келгенге дейін қыздардың бірі өз бетімен түспекші болып, тепе-теңдікті сақтай алмай құлап, қолын қатты жарақаттап алған. Құтқарушы-медбеке оқиға орнында алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, жарасын таңды.
Одан кейін құтқарушылар қауіпсіз жерге дейін төртеуіне де түсуге көмектесті.
40 ROSO 2 40 ROSO 2 40 ROSO 4