Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында

 Балалардың қауіпсіздігі бірінші орында
Оқу жылы аяқталысымен мектеп оқушылары жазғы лагерлерге баруға асығады. Жазғы лагерлерде балалар міндетті түрде суда шомылатыны баршамызға мәлім. Судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаған жағдайда ол қайғылы оқиғаларға алып келуі әбден мүмкін, осы орайда төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Түркістан облысының ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі С.Смаилов бастамасымен қаладағы шомылу орындары мен лагерлерде рейдтік іс-шаралар өткізілді.
Іс-шара алдыңда Есімхан алаңында барлық төтеншеліктер мен еріктілер жиналып полковник С. Смаиловтан бірқатар тапсырма алып, қызметкерлер топ-топқа бөлініп қала аумағындағы барлық шомылу орындары мен лагерлерге үгіт-насихат жұмыстарына жол алды.
Оның ішінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, Өрт сөндіру бөлінісінің, «Апаттар медицина орталығының». қызметкерлері және «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған «Жас Отан» жастар орталығының еріктілерімен құрылған бір топ «Балауса» жазғы балаларды сауықтыру лагерлерінде балаларға «Суға шомылу қауіпсіздігін сақтау» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстары барысында «Апаттар медицина орталығының» қызметкерлері іс-жүзінде суға батып жатқан баланы қалай құтқару керек екендігі және оған бірінші медициналық көмек қалай көрсету керек екендігі практикалық түрде барлық демалушы балаларға көрсетілді.
Сонымен қатар жалпы шомылу маусымындағы қауіпсіздік жайлы Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Султанғали Смаилов «Оңтүстік» телеарнасына сұхбат берді.
38 Turkestan 2 38 Turkestan 3 38 Turkestan 4