«Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» конкурсы

«Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» конкурсы

Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінде 2021-жылғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» конкурсы өткізілді.

Конкурс жыл сайын өткізіледі және оның мақсаты – қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыру, жұмысқа ынталандыру. Конкурсқа өз бөлімшелерінде үздік болып саналатын 5 қызметкер қатысты. Барлық қызметкерлердің  мемлекеттік өрт бақылау саласындағы еңбек өтілі 3 жылдан жоғары. 1-турда мамандардың қызметін реттейтін негізгі нормативті-құқықтық  актілер бойынша  тестілеу өткізілді. 2-тур практикалық бөлімде объектінің өртке қарсы жағдайына шартты тексеріс жүргізілді. Аталған турда қызметкерлер әкімшілік ғимаратты тексерді. Қатысушылар өрт-техникалық тексеруді аяқтап, тексеріс нәтижелері туралы актілерді, бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырды.

Комиссия төрағасы Қызылорда облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Ізбасаров және комиссия мүшелері конкурстың 2 турында толтырылған материалдарды тексеріп, Департамент қызметкерлерінің  кәсіби шеберлігін атап өтті. Арал ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Айдос Сыдықов  конкурстың барлық турларында жоғары нәтиже көрсетіп, 2021-жылғы «Үздік мемлекеттік өрт бақылау қызметкері» конкурсының жеңімпазы атанды.

Облыстық конкурс жеңімпазы Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінде өтетін республикалық конкурсқа қатысатын болады.

 

Қызылорда облысы ТЖД