Еліміздегі өрт қауіпсіздігі. Қазіргі ахуал

Еліміздегі өрт қауіпсіздігі. Қазіргі ахуал

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі өрт қауіпсіздігі. Қазіргі ахуал» тақырыбында брифинг өтті.

ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма бастығы Ерлан Төрегелдиев құтқару бөлімшелері күн сайын орта есеппен әртүрлі сипаттағы ТЖ жоюға 100-150 рет шығатынын атап өтті.

Биылғы жылдың 8 айында 7 мыңнан астам өрт болды. Өрт кезінде 1 мыңнан астам адам құтқарылды. 217 адам жарақат алып, 251 адам қайтыс болды.

Жалпы, өрт санының 7,8% - ға азайғаны  байқалады: тұрғын үй секторында 12,6% (2020 – 5 000, 2021 – 4 371), бақыланатын объектілерде 1,5% (2020 – 639, 2021 – 629).

Сонымен қатар, орман өрті санының 11,9% өсуі (2020 – 621, 2021 – 695) және дала өрті санының 19,3%-ға азайғаны байқалады (2020 – 119, 2021 – 96). Заңнамаға сәйкес, орман қорын қорғау Экология министрлігінің Орман шаруашылығы комитетіне жүктелген, дала – бұл жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілік аймағы.

Табиғи өрттердің туындау қауіп-қатерін болдырмау және азайту мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар алдын алу шараларының кешенін жүргізеді.

«ТЖМ қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл өрт қауіпті кезеңге дайындықты тексеру. Өткен кезеңде 14 мыңға жуық бірлескен рейд жүргізілді. Рұқсат етілмеген күйдіру, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, орылған шөпті жағу және басқа да өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 3 125 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық жұмыс өрт қауіпті кезең аяқталғанға дейін жалғасатын болады» ,- деп ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің өкілі Тілеуберді Мәдиев атап өтті.

Өрт қауіпсіздігі саласындағы алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, елде шаруашылық жүргізу объектілерінде ірі және күрделі өрт орын алады. Биылғы жылдың 9 қыркүйегінде Алматы облысының Есік қаласындағы «Тұрар» базарының аумағында 512 шаршы метр аумақта саудаға бейімделген контейнерлер жанған. Зардап шеккен және қайтыс болған адамдар жоқ. Келтірілген залал анықталуда. Өрттің алдын ала себебі контейнер ішіндегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

20 қыркүйекте Алматы облысының Көксай ауылында 250 шаршы метр алаңда қойма өртенді, объект болмашы тәуекел дәрежесіне жатқызылған (1100 ш. м.) микрокәсіпкерлік субъектісі («Азаматтық қорғау туралы» Заңның 38-бабына сәйкес тексеруге жатпайды).

20 қыркүйекте Түркістан облысының Ақсукент-Қарабұлақ тас жолындағы резервуарлық парктің теміржол эстакадасында вагон-цистерна жанды. Өрт салдарынан кәсіпорын қызметкері күйік алды. Өрттің алдын ала себебі-технологиялық процестің бұзылуы. Өртке қарсы қызмет қызметкерлерінің кәсіби іс-әрекеттері арқасында өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді. Оқиға басқа пойыздардың қозғалысына әсер етпеді.

Жалпы өрттердің негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі, бұл 58%, сондай – ақ көлікке-18%.

Өрттің негізгі себептері:

34% – бұл 2,5 мыңнан астам өрт электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін бұзуды құрайды (2020 – 2 323, 2021 – 2 572);

29% немесе 2 мыңнан астам өрт - бұл отты абайсыз қолдану (2020 – 3 277, 2021 – 2 200);

12% - бұл пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу (2020 – 846, 2021 – 958).

16 қыркүйекте Қостанай қаласындағы жеке тұрғын үй аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде (қабырғаларды құрылыс көбігімен қаптау) гараж жертөлесінде газ-ауа қоспасының тарсылы орын алды. Күйік алған екі ересек адам ауруханада қайтыс болды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Қостанай қалалық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізуде.

20 қыркүйекте Павлодар қаласының көппәтерлі үйінде 8 шаршы метр алаңда үй заттары жанды. Өрт салдарынан иесінің ересек ұлы қайтыс болды, пәтер иесі мен оның жұбайы өздігінен эвакуацияланды. Өрттің болжамды себебі мас күйінде темекі шегу болды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Күздің суық күндерінің басталуына байланысты ТЖМ тұрғындарға пеш жабдықтарын жылыту маусымына дайындауға және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Жылыту пештері мен жүйелерінің түтін мұржалары, мұржалары және басқа элементтері тікелей жылыту маусымы басталар алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде: үш айда бір рет – жылыту пештері үшін, екі айда бір рет-үздіксіз жұмыс істейтін пештер мен ошақтар үшін күйеден тазартылуы тиіс.

Пешпен жылытуды пайдалану кезінде:

1) жанып жатқан пештерді қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыруға;

2) жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды жағу алдындағы параққа орналастыруға;

3) қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;

4) отынның осы түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен және газбен жағуға;

5) үй-жайларда жиналыстар және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде пештерді жағуға;

6) пештерді қыздыруға;

7) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отын) пеш пен түтіндіктердің бетінен 0,5 м кем қашықтықта кептіруге;

8) саңылауларды жобалау нормаларында көзделмеген ысырмаларды (жапқыштарды) пайдалануға;

9) диаметрі 15 мм кем саңылауы бар жапқыштарды пайдалануға жол берілмейді;

10) желдету және газ каналдарын мұржалар ретінде пайдалануға;

11) ақаулары, жарықтары және саңылаулары бар пештерді жағуды жүзеге асыруға жол берілмейді.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі