Алматы қаласының Медеу ауданында орын алған ірі өрт сөндірілді: қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Алматы қаласының Медеу ауданында орын алған ірі өрт сөндірілді:  қаза  болғандар мен зардап шеккендер жоқ

2021 жылғы 17 қыркүйекте сағат 15:09-да Алматы қ. ТЖД күштері мен құралдары Медеу ауданы, Назарбаев даңғылы, 124 мекенжайы бойынша жоғары дәрежедегі шақыртуға шықты. Жанып тұрған ғимаратты "101" қызметі Бейнебақылау жүйелері арқылы дереу анықтап алды. Сол сәтте тұрғындар мен куәгерлерден өрт туралы қоңыраулар түсе бастады. Өрт орнына жеке құрамнан 90-нан астам адам, 28 бірлік техника шұғыл жіберілді. Бірнеше минут ішінде келген алғашқы бөлімшелер  4 қабатты үйдің шатыры жанып тұрғанын, өрт сөндіру техникаларының кіруіне үй маңына қойылған жеке автокөліктердің кедергі туғызғанын хабарлады. Тұрғындар дереу эвакуацияланып, өрт оқпандары іске қосылды, автоцистерналар гидранттарға орнатылып, төрт жауынгерлік учаске құрылды және шатырдың барлық периметрі бойынша 14 әмбебап өрт оқпандарын беру ұйымдастырылды.

Оттың тез таралуына ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері,яғни ғимараттың жабындысы ағаштан төселгені, сондай ақ  жасырын қуыстары бар қаңқалы қамыстан салынған қабырғалары ықпал етті.

Өртте 4 жауынгерлік учаске құрылып, өртті сөндіруге өнімділігі жоғары өрт оқпандары енгізілді. Су беру өнімділігі жоғары лафетті оқпаны бар көпиінді өрт сөндіру автомобильдік көтергіші, сондай-ақ өрт сөндіру автопоезд, 32-метрлік автосаты орнатылды.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазіргі таңда өрт үйінділерін тазалау және су  төгу жұмыстары жүргізілуде. 16.40-та өртті оқшаулауланып, 17.07-де толық жойылды, қабылданған шаралармен үйдің үшінші, екінші және бірінші қабаттарын өрттен қорғап аман алып қалды.

 

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі