Балалардың тіршілік қауіпсіздігінің элективті курсын әзірлеу

Балалардың тіршілік қауіпсіздігінің элективті курсын әзірлеу

Төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі жұмыста маңызды бағыттардың бірі халықты қауіпсіз тіршілік шараларына оқытуды және білімді насихаттауды қамтитын алдын алу іс-шараларын жүргізу болып табылады.

Қауіпсіздік мәдениеті өмір бойы қалыптасады, оған отбасы, оқу орындары, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар белсенді қатысады.

Төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер бойынша жеткілікті білім мен дағдылардың болмауына байланысты балалардың халықтың ең аз қорғалған топтарының бірі болып табылатынын ескере отырып, ағымдағы жылдғы 15 қыркүйекте «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҚ базасында оқушылардың тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тереңдетілген элективті курсты әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Отырысқа Білім және ғылым, Интеграция және қоғамдық даму министрліктерімен және басқа да қоғамдық ұйымдармен бірлесіп: Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау және халықты оқыту басқармасының бастығы подполковник С.Б. Арифджанов және осы басқарманың аға офицері полковник А.С. Айтеев қатысты.

Кеңесті «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ольга Можаева ашты. Сөз сөйлеу барысында курстың өзектілігі және білім беру процесінде одан әрі пайдалану перспективалары негізделген.

Кездесу қатысушылары элективті курс тақырыбымен қатар жобаны іске асыру мәселелері мен ықтимал тәуекелдер, білім беру саласындағы кейбір нормативтік актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі және басқа да мәселелерді қарады.

Кеңеске қатысушылар «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АБҚ бастамасын бірауыздан қолдады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы жалпы білім беретін мектептерде элективті курсты пайдаланудың пилоттық жобаларын іске асыруды қарауды ұсынды.

Жұмыс тобының кезекті отырысы ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті