ТЖД бастықтарының орынбасарларымен семинар-кеңес

ТЖД бастықтарының орынбасарларымен семинар-кеңес

Ағымдағы жылғы 14-15 қыркүйек аралығында Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті «Азаматтық қорғау саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ТЖД бастықтарының орынбасарларымен онлайн форматта семинар-кеңес ұйымдастырды және өткізді.

Семинар-кеңестің негізгі мақсаты-азаматтық қорғау саласындағы проблемалық мәселелерді және даму перспективаларын талқылау үшін алаң құру болды.

Аталған іс-шараның жұмысын азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары полковник Алексей Советов ашты.

Кездесу барысында Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.

Теориялық материалды игеру сапасын бағалау жиналысқа қатысушыларды тестілеу арқылы жүргізілді.

М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының. және «Азаматтық қорғау республикалық оқу-әдістемелік орталығы» ЖШС-ның спикерлерін тыңдағаннан кейін ел өңірлерінің өкілдері арасында ашық диалог және нәтижелі пікір алмасу өткізілді.

 

ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті