«Жер-2021» халықаралық командалық штабтық оқу-жаттығуға дайындық барысы пысықталды

«Жер-2021» халықаралық командалық штабтық оқу-жаттығуға дайындық барысы пысықталды

16 қыркүйекте Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері 2021 жылғы 21-22 қыркүйекте  Алматы облысындағы «Жартасты қала - Астана» жаттығу полигонында өткізілетін «Жер-2021» халықаралық командалық штабтық оқу-жаттығуға дайындық барысын пысықтады.

Төтенше жағдайлар министрінің «Жер-2021» халықаралық командалық - штабтық оқу-жаттығуды өткізу нұсқауына сәйкес Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін жетілдіру, жойқын жер сілкінісі туындаған кезде төтенше жағдайларды жою мақсатында Қызылорда облысының азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау мақсатында  аталмыш оқу-жаттығуға қатысу жоспарлануда.

Оқу-жаттығудың тақырыбы: «Алматы облысындағы жойқын жер сілкінісі кезіндегі төтенше жағдайларды жою іс-қимылдарына азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштер мен құралдарын дайындау».

Оқу-жаттығу барысында Қызылорда облысының азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс режимін  жоғары әзірлік режиміне ауыстыру; қабылдаған шаралардың тиімділігі мен деңгейін арттыру; орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жетілдіру;  құлақтандыру және байланыс жүйесін, жедел кезекшілікті ұйымдастыру, мониторинг жүргізу, материалдық-техникалық, азық-түлік және медициналық қорларды құру; эвакуациялық жұмыстарды нақтылау; ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, эвакуациялық комиссиялардың, жедел штабтар қызметтерінің және азаматтық қорғау құралымдарының жұмысын ұйымдастыру; халыққа жойқын жер сілкінісі туындаған кездегі атқаратын іс-қимылдарын түсіндіру және оқыту барысы сарапқа салынатын болады.

 

Қызылорда облысы ТЖД