«Тұлпар» сауда үйіндегі өрт туралы ақпарат

«Тұлпар» сауда үйіндегі өрт туралы ақпарат

Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт  сөндіру қызметінің "101" пультіне Байқоңыр ауданы Уалиханов көшесі 24  " Тұлпар" сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. #3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде  4 қабатты сауда үйдің ең жоғарғы   4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды.

Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген.

Қазіргі сәтте өрт орнында  елордалық ТЖД-ның 19 бірлік техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған.

Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі