Алматы облысы ТЖД қызметкерлері үш жасар балаға көмек көрсетті

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері үш жасар балаға көмек көрсетті

2021 жылғы 23 шілде күні сағат 10.00-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Алматы облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде жылыту батареялардың арасында баланың аяғы тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына келген Қаратал ауданының ТЖ бөлімі мен Үштөбе қаласының №18 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылыту радиаторлары арасында үш жасар баланың аяғы тұрып қалғанын анықтады.

Сағат 10.23-те ортақ күш-жігермен, қандай да бір жарақатсыз баланың аяғы сәтті босатылды.

Алматы облысының ТЖД қайғылы жағдайларды болдырмау мақсатында ата-аналардан, жас балаларды бір минутқа да қараусыз қалдырмауды сұрайды!

 

Алматы облысы ТЖД

баспасөз қызметі