Өткен аптада Қазақстанда 8 бала суға батып, қайтыс болды

Өткен аптада Қазақстанда 8 бала суға батып, қайтыс болды

2021 жылдың  5-11 шілде аралығында еліміздің су айдындарында 47 адам, оның ішінде 8 бала суға батып, қайтыс болды.

Суға батқандардың ең көп саны Алматы (8), Шығыс Қазақстан (8), Ақмола (5) және Солтүстік Қазақстан облыстарында (5) тіркелді.

Ал балалардың суға батып, қайтыс болған қайғылы оқиғалар Алматы (3), Түркістан (2), Ақмола (1), Солтүстік Қазақстан облыстарында (1) және Нұр-Сұлтан қаласында (1) орын алды.

Балалар уақытын көңілді өткізіп, ыстық күнде салқындауға су айдынына барады, олар судың қауіпті екенін де түсіне бермейді.

Суда балалардың өліміне қалай жол бермеуге болады? Балаларды су айдындарында қараусыз қалдырмаңыздар! Балаларға ешқашан суға ересек адамлдардың қарауынсыз түсуге болмайды! Оларды жүзуге үйретіңіздер!

ТЖМ азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады және бірінші кезекте:

- суға кіруге және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзудің шекарасын белгілейтін аумақтан тыс жүзу;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге тыйым салынады.

Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі