Министр Юрий Ильин бастаған ҚР ТЖМ делегациясы Бішкек қаласында өткен ТЖ МАК XXXIII отырысына қатысты

Министр Юрий Ильин бастаған ҚР ТЖМ делегациясы Бішкек қаласында өткен ТЖ МАК XXXIII отырысына қатысты

Министр Юрий Ильин бастаған ҚР ТЖМ делегациясы Бішкек қаласында өткен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекетаралық кеңестің XXXIII отырысына қатысты. Отырысқа Әзербайжан Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы және Қырғыз Республикасы ТЖ министрліктерінің өкілдері де қатысты.

1 шілдеде сапар барысында Қырғыз Республикасы ТЖМ құрылғанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шара, «Зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту және климаттың өзгеруі жағдайына бейімделу саласындағы ұлттық бастамалар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференция барысында зілзалалар қауіп-қатерлерін азайту және климаттың өзгеруі жағдайына бейімделу бойынша жалпы тақырыптағы бағыттар, сондай-ақ төтенше жағдайларға қарсы іс-әрекеттер механизмдерін одан әрі дамыту және жетілдірудің басым бағыттары талқыланды.

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі